13 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIІI конференциясы өтті.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIІI конференциясы өткізілді. Конференция сақтық шараларына сәйкес онлайн форматта өткізілді. Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына партияның аудандық филиалынан қатысатын делегаттар ұсынылып, бүгінгі конференция делегаттарының көпшілік даусымен бекітілді. Сайланған делегаттар аудандық партия филиалы атынан партияның облыстық филиалының жаңа төрағасын сайлау мақсатында өткізілгелі жатқан кезектен тыс конференциясына арнайы қатысатын болады.
