#13 "Балапан" бөбекжай бақшасы ұжымымен кездестім.
Бүгін үгіт насихат жұмыстары барысында Атырау қаласы білім бөліміне қарасты #13 "Балапан" бөбекжай бақшасы ұжымымен кездестім. Ұжымда 100 ге жуық қызметкер бар. 500 ге жуық балаға мектепке дейінгі тәрбие беріп отыр. Мекеме ауыз толтырып айтарлық жетістіктерімен мақтана алады. Облыстық, республикалық сайыстарда бүлдіршіндердің жеңісі көңіл қуантады.
Алдағы 5 жылда өңірімізде 30 ға жуық балабақша бой көтереді. Бұның барлығы болашағымызға жасалған үлкен қамқорлық.
Кездесу барысында ұжым мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдадым. 2021-2025 жылдарға арналған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырдым.
Кездесуге қатысушылар "Nur Otan" партиясын қолдап дауыс беретіндерін жеткізді.
Ұжым мүшелеріне, бүлдіршіндерге амандық тілеймін!
