13-Қараша - Халықаралық зағиптар күні.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 13 қараша Халықаралық зағиптар күні деп жарияланды. Дәл осы күні Парижде және Петерборда зағиптарға арнап мектептер мен кәсіпорындар ашқан француз педагогы Валентин Гаюи дүниеге келген.Айналаны бір сәтке болса да көру – зағип жандар үшін баға жетпес арман. Жазмыштың жазуымен жанарынан айырылған жандарға арналған іс – шара жыл сайын 13 қарашада атап өтіледі. Мерекелік іс-шара мүгедек жандардың мәселелеріне қоғам мен билік органдарының назарын аудару, олардың тыныс-тіршілігін насихаттау және қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
