Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

110 жастағы Нұрилә әжемізді мерекесімен құттықтап , жүздесіп, ақ батасын алып, үлкен әсерде болдық.

Көктемнің шуақты мерекесін пайдаланып, тарихтың тұлғасын бейнелейтін 110 жастағы Нұрилә әжемізді мерекесімен құттықтап барып, жүздесіп, ақ батасын алып, үлкен әсерде болдық. Тарихқа үңілсек, сол бір сұрапыл соғыс жылдарында сонау қилы заманда " Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін " деген ұранмен майданға аттанған ерлердің орнын әйелдер мен қариялар және жұмысқа жарамды балалар алмастырғанын білеміз. Сондай тыл еңбеккерінің бірі - бүгінгі жүздесуіміз бұйырған Әпшүкірова Нұрилә әжеміз 1910 жылы дүниеге келген екен, биыл 18 мамырда 111 жасқа толғалы отыр. 13 жасынан колхоз жұмысына араласқан, Ұлы Отан соғысы кезінде тыл еңбеккері атанып, таңның атысы мен күннің батысына дейін жұмыс істеген. Барлық жұмысты қолмен атқарып, егінді суғару, оны ору, шөп шабу, отын жинау және сол сияқты басқа да қара жұмыстарды атқарған әжеміз қазіргі таңда сол бейнеттің зейнетін көріп отырған Асыл ана, қадірлі жан. Ерен еңбегі бағаланып, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының тарапынан 20.11.1947 жылы " За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941- 1945 гг." Медалімен марапатталған екен. Әжемізді көктемнің әдемі мерекесімен құттықтай отырып, немере, шөбере, шөпшектерінің қызығын әлі де көре беруіне тілектестігімізді білдірдік. @nur_otan_almaty @sagintayev.b @nur_otan

0
0
233

Осы тақырып бойынша

110 жастағы Нұрилә әжемізді мерекесімен құттықтап , жүздесіп, ақ батасын алып, үлкен әсерде болдық. - Yvision.kz