Құрметті ата-аналар мен оқушылар, кейбір БАҚ
(http://www.astanatv.kz/news/show/id/57154.html) еліміздің түлектері үшін оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзаратыны жөнінде теріс ақпарат таратқанына байланысты, біздің министірлік ресми хабарлайды:
Оқу жылы жоспардағыдай аяқталады, қорытынды емтихан 1-10 маусым аралығында өтеді. Ешқандай өзгерістер жоқ. Оқу жылы 1 шілдеге дейін ұзартылмайды, бірақ оқушылар расында да 1 шілде күні мектептен түлеп ұшады, себебі мектептер олардың тіркелуі мен ҰБТ тапсыруына жауапты болады.
Барша пайдаланушылардың министірдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларындағы ақпаратқа назар аударуын сұраймыз.
11 сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзаратыны жөніндегі қауесетке қатысты мәлімдеме.
11 сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзаратыны жөніндегі қауесетке қатысты мәлімдеме
