№11 С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды
2019 жылдың 2 қыркүйек күні №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық мамандандырылған қазақ мектеп-интернат кешенінде «Адалдық сағаты» өткізілді.
Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин және мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады.
Б.Хайруллин өз сөзінде балаларды адалдыққа, парасаттылыққа және патриотизмге шақырып, оқушылардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауап берді.
Шара соңында оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.
«Адалдық сағаттары» ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында ұйымдастырылуда.
2
