11 қараша күні - энергияны үнемдеу күні
Бұл атаулы күннің негізгі мақсаты - жұртшылықты ресурстар мен энергия көздерін тиімді пайдалануға шақыру. Айта кетсек, біздің еліміз табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға назар аударатын «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына жылда тұрақты қатысып келеді. Осы ретте, "жасыл экономикаға" көшіп, табиғи ресурстарды барынша үнемдеп пайдалану - әрбір еліміздің азаматының міндеті.
