11 қараша халықаралық энергия үнемдеу күні!
XXI ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестету мүмкін емес. Дегенмен, бүгінде электр энергиясын үнемдеудің дайын әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілікке шақыру маңызды болып отыр. Ата - бабаларымыздың, судың да сұрауы бар деп тегін айтпаған.
Сондықтан, «жасыл экономикаға» көшіп, үнемшіл болайық!
