100 жаңа есім
Қазіргі қазақ қоғамы ата-бабаларын, олардың тарихымен қатар арамызда жүрген, қазақ тарихында қалатын замандастарымен де таныс болғаны абзал. Бұл бастаманы елбасы өз мақаласында атап өткені белгілі, онда ұлт мақтанышы бұрынғы өткен ата-бабаларымыз, дана билеріміз бен жазушы, жырауларымыз, ел үшін аянбай еңбек еткен асыл тұлғалармен қатар, бүгінде ерең еңбегі ерекшеленіп жүрген азаматтар екені де айтылған. Тарихқа белгілі тұлғаларымызды еске алып, кесенелерін жаңартып, кейбірінің атына көше, алаңдар беріп жатсақ, Қазақстан тарихын жақсы жағынан жасауда өз үлестерін қосып жүрген замандас тұлғаларды қалай ұлықтай аламыз. Осы орайда, осы мақсатпен «100 жаңа есім» жобасы жарық көрген болатын.

Бұл жоба мақсаты Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарында ел дамуына үлкен үлес қосқан азаматтарды елмен таныстыру. Еліміздің дамуы, бейбіт заманда өмір сүруі, тұрақты болуы алуан түрлі тұлғалардың, сан түрлі тағдырлардың еңбегінің нәтижесі. Көп жағдайда, осы көп еңбекті атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. «100 жаңа есім» жобасы бұл кеткен олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Бұл жобада Қазақстанның әр түрлі өңірінде өмір сүретін, әр түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің табысы, табысқа жету жолдары баяндалмақ. Олардың ел дамуына қосқан үлесі, бүгінде қосып жатқан пайдасы баяндалмақ еді. Және сол адамдардың тарихы мен өір жолдарынан қазіргі қазақ қоғамын тануға болады. Бұл жоба әуелден үш мәселені шешуге бағытталған, біріншіден – Қазақстанның дамуына, әрбір жаңа белесті бағындыруына үлес қосып жатқан, ел тарихын жасауда тікелей улес қосып жатқан тұлғалармен қоғамды таныстырады; екіншіден – оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастырады; үшіншіден – «100 жаңа есім» жобасының әр өңірде баламасы болады.
«100 жаңа есім» жобасы ағымдағы жылдың маусым айында басталған еді. Бұл жобаға кез келген адам қатысуына мүмкіндігі болды. Ол үш кезеңнен тұрды, өтініш қалдыру, үміткердің сара жолы, тарихы тексерілді, сарапшы комиссия ақтық шешімді көрермендер пікірімен бірге шығарды. Қатысушыларға тіркелетін арнайы сайт жұмыс істеді, ол сайтта арнайы форманы толтырған үміткерлер туралы барлық ақпарат ашық болды. Интернет қолданушылары барлық үміткерлермен танысып, өмір жолдарын, еңбектерімен танысып, пікір қалдыруына, достарымен бөлісуіне мүмкіндік жасалды. Ең басты талап тұлғалардың Қазақстан елінінің гүлденуіне үлес қосуы болды. Сайттағы пікірлерді ескере отырып, кәсіби мамандар ақтық шешімді шығарды.
«100 жаңа есім» жобасына қатысқан тұлғалардың бірерімен бізде таныс болайық.
Қостанайлық биолог. 75 жастағы ғалым-биолог «жасыл экономика» саласын халықаралық деңгейде отандық практиканы таныстырады. Оның «мамығы жоқ бальзам иісті терегі» осы сала мамандары арасында танымал, және бүгінде Еуразия континентінде сұранысқа ие.
Денис Уланов. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика саласында Қазақстан намысын қорғаған спортшы. Осы олимпиада ойындарында үшінші орынға ие болып, қола медаль алды. Олимпиада дейін де біраз шыңды бағындырды.


2015 жылы Ресей президенті кубыгына қатысып екінші орынды иеленді, 2016 жылы Азия чемпионатында алтын медальді иеленді. Денистің еліміздің спорт тарихына қосары бар деп сенеді жаттықтырушылары.
Травматолог тарихы. Аманжол Балғазаров бүгінде жеке кәсіп иесі, ақ халатты абзал жан, травматолог. 2016 жылы жас маман протездеу мен мадельдеу бойынша лаборатория ашты, ол сала әрине қазіргі заман техникасын жетік білуді талап етеді. Оның зертханасы барлық заманауи жабдықтармен қамтылған. Кәсіпкерлер жобасына қатысқан ол, 2 млн. теңге көлемінде қаражат ұтып алады, сол қаражаттың көмегімен өз ісін ашады.

Зертхана екі бағытта жұмыс істейді, біріншіден, модельдеу жұмысы, науқасқа компьютерлік томография жасалады. Бұл өте жауапты жұмыс. Нәтижесінде 3D – жоба құрылады. Осы жоба негізінде сканерлеу жүреді, сканерлеу жүйесі арқылы ота жасауға дайындық пысықталады. Екінші бағыт, протездеу жұмысы. Заманауи протездер әрбір клиент үшін жеке жасалады.
Жеке кәсіпкер – Ғалия Алдабергенова. Әжесінен қалған тігін машинасымен іс тігіп үйренген Ғалия бүгінде кәсіп иесі. Кішкентай кезінен тігіншілікке қызығушылығы болған ол, өскенде қандай жолды таңдайтынын анық білген. Мектеп бітірісімен тігіншілікке оқуға түсіп, осы салада 20 жылдан аса еңбек етіп келеді. 2008 жылы жеке кәсібін ашқан. Бүгінде 13 жылдық тарихы бар ательеде тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Өңірдегі негізгі мәдени шараларда өнер көрсететін ұжымдардың сахналық киімдері мен образдары осы шеберлердің қолынан шыққан жұмыстар. Ательенің ең соңғы ірі жұмыстарының бірі балалар күніне арналған мерекелік шеруде көрініс тапты. 2 айдың ішінде 600-ге жуық шеруге қатысушының костюмін тіккен ателье бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып жүрген тігін цехтарының бірі.
Ұзақ жылғы тәжірибесі бар Ғалия Серікқызының алға қойған жоспарлары да ауқымды. Қаланың орталығында орналасқан 500 шаршы метрлік сән үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалды. Ол жерден шеберхана цехы, маталар дүкені мен оқу сыныптарын ашу жоспарда бар. Осылайша, Елбасы ұсынған жоба аясында өз өңірінің гүлденуі мен көркеюіне елеулі үлесін қосып жүрген тұлғалардың есімдері мен еңбектері бүгінгі және болашақ Қазақстанның келбетін айқындамақ.
«100 жаңа есім» жобасында Халифа Алтайдың есімі болар деген сенімін бас муфти білдірді. Өскемен қаласында елбасы бағдарламасына байланысты өткен конференцияға қатысқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Елбасының жоба туралы ой білдіріп, ғалым Халифа Алтайдың өмірі жайлы ой толғады.

Өткен ғасырда Шығыс Түркістанда дүние есігін ашқан Халифа Алтай алғашқы білімін ауыл молдасынан алған. Қытайдағы Гоминдаң үкіметінің жүргізген қуғын-сүргіні саясатынан жапа шеккен қазақтар 1940 жылы Елісхан батырдың бастауымен Пәкістанға қоныс аударады. Халифа Алтай сонда жүріп араб және урду білдерінде білім алды. «Қазақтар қоғамы» құрылғанда жауапты хатшы болды. Пәкістандағы қазақтар 1954 жылы Түркияға қоныс аударғанда көш алдында жүрді. Сол сапары туралы көптеген кітаптар жазады. Қазақ елі Тәуелсіздік алғанда Халифа Алтай біржолата елге көшіп келді. Дін саласында еңбектенді. Біршама ғылыми кітаптарды жазып шықты. «Құран кәрімнің» қазақша мағынасымен басылған аудармасы 1 миллион таралыммен шықты. Қазақ радиосында Ислам діні жайлы арнайы хабар жүргізді. 2003 жылы Қазақстанда дүние салды. Ұрпақ ұмыптай, ұлықтап, Шығыс Қазақстандағы облыстық мешітке Халифа Алтайдың есімі берілді. Ендігі кезекте, Елбасымыз айтқан еліміздің алтын қорына енетін 100 жаңа есім атауына қайраткер Халифа Алтайдың есімі енеді деп сенемін, – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтің пікірінше, «100 жаңа есім» жобасына әбден лайық адамдар, Жансая Әбдімәлік, Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин, Қанат Ислам. Өз сұхбатында министр, жаңа 100 есім халыққа үлгі болатын адамдар екенін атап өтіп, олардың жан-жақты жетістіктерін айтты. Мәселен, Головкин мен димаш Қазақстанды әлемге танытып жүрсе, Қанат Ислам туған жерге деген шын махаббаттың үлгісі. Жансая Әбдімәлік көптеген бүлдіршіндерді, балаларды шахмат әлемііне қызықтырушы. Осындай бейбіт заманның батырлары, ел мақтаныштары ел есінде қалуы керек.

Сонымен қатар, министр 100 жаңа есімнің тек еліміздің басты қалаларында ғана емес, барлық өңірлерден ізделініп жатқанын атап өтті.
