«100 нақты қадам: жер қатынастары мәселелері және жемқорлыққа қарсы күресті күшейту»

2015 жылдың 31 шілдесінде Департамент ұйымдастыруымен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын бірінші институционалды реформасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру мақсатында БҚО жер қатынастары басқармасында мемлекеттік қызметшілер, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, ҮЕҰ және жер қатынастары саласындағы бизнес-құрылымы өкілдерінің қатысуымен«100 нақты қадам: жер қатынастары мәселелері және жемқорлыққа қарсы күресті күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қатысушылар алдында Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, облыстық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Ашықпаев баяндама жасады.
Шарада «Бірінші институционалды реформа: қазіргі замаңғы, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру» буклеті, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым», «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды.
Сонымен қатар, тыңдаушылардың сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін айқындайтын арнайы зерттеу сауалнамалары толтырылды.


