Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

100 нақты қадам: конкурстық іріктеудің ашықтылығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы  Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында Жайық- Пресс» ЖШС-нің базасында    «100 нақты қадам: конкурстық іріктеудің ашықтылығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі  бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған  шараға «Қазақстан-Орал» телеарнасының, «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінің  өкілдері және т.б.қатысты.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.С.Нұртазин ҚР Президентінің жарияланған реформалары еліміздің барлық орталарында кең көлемде талқыланып, жаңа кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру бірінші реформада айқындалғанын ескере кетті. Бұл ретте реформаны жүзеге асыруда баспасөз құралдарының басты ролі көрсетіліп, мемлекеттік қызметке іріктеуде және өткеруде бақылаушылар институтының ролі туралы айтылды.

«Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізудің қағидалары және еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты бойынша Департамент қызметкерлері сөз сөйледі.

Іс шараны қорытындылай келе қатысушыларда туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарылды.

 
0
0
274

Осы тақырып бойынша

100 нақты қадам: конкурстық іріктеудің ашықтылығы мен жариялылығын қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі - Yvision.kz