Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

100 НАҚТЫ ҚАДАМ-кемел келешектің киелі көпірі

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толмақ. Осы уақыт аралығында тәуелсіз Қазақ елі күллі әлемге танылып, толағай жетістіктерге қол жеткізді.

Бұл – Елбасының елді өсіп-өркендетуге бағытталған сарабдал саясаты мен өміршең бағдарламаларының нәтижесі екені сөзсіз. Аз уақыттың ішінде талай белестерді бағындырған мемлекетіміз ендігі кезекте әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуді межелеп отыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарды осы ұлы мақсатқа жетелейтін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүйелі жүзеге асуда. Мемлекет басшысы ұсынған бұл бес институционалдық реформа - жаһандық әрі ішкі сын-қатерлерге жауап беретін және дамыған мемлекеттердің алғашқы отыздығына кіру жөніндегі жоспар екені баршаға мәлім. Қуантарлығы, осынау маңызды реформаның табысты орындалуына барлық құрылымдар жаппай атсалысуда. Нәтижесінде, соңғы уақытта елдің еңсесі көтеріліп, әр салада оң өзгерістер байқала бастады. Бір ғана мысал келтірер болсақ, аталмыш жоспардың бірінші бағытында мемлекеттік қызметке қабылдау дәстүрін жаңғырту мәселесі қарастырылған. Сол бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі төмен сатыдан бастап, біртіндеп кезең-кезеңімен көтеріліп отыратын болады. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы да қызметтегі жетістігіне, адал еңбегіне қарай өседі. Яғни, еңбекақы төлеу жүйесі әділ жүргізіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті дамытуға арналған жаңа жүйе бойынша бұл қызмет мансаптық үлгі негізінде құрылады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметке кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары мамандарды тартуға жол ашылмақ. Сол арқылы елімізде мықты мемлекеттік аппарат құруға мүмкіндік туады. Белгілі саясаткерлер де әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан көріну үшін ең алдымен мемлекеттік аппарат қауқарлы болуы тиіс деген пікірде. Бұл ретте, Елбасының салиқалы саясатының астарында Қазақстанды дамытуға бағытталған асқақ арман, биік мақсат, салмақты ой жатқанын атап өткен жөн. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана қазақстандықтарға арнаған «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастар жол» атты мақаласында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

- Біз барлық посткеңестік елдердің ішінде алғаш болып мемлекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын конкурс және меритократия қағидаттары арқылы қалыптастыруға кірістік. Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті қалыптастырудың жаңа кезеңі бастау алды. Менің Жарлығыммен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды, - деді.

Міне, бұған қарап, еліміздің ең басты құрылымы саналатын мемлекеттік қызметшілерге деген талаптың күшейгенін, әділдік орнағанын, сондай-ақ, жемқорлыққа жол берілмейтінін аңғаруға болады. Бұл – біздің құқықтық әрі дамушы ел екенімізді тағы бір мәрте дәлелдеп бергендей. Осы айтылғандар мемлекеттік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамына ғана қатысты. Ал аталмыш құжаттың әр қадамын саралайтын болсақ, көптеген жаңалық мен жаңашылдыққа көз жеткізуге болады.

Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімді дамыту, біртектілік пен бірлікті нығайту арқылы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру және елімізді жарқын болашаққа жетелейтін басқа да маңызды міндеттер көзделген. Қазір осы бағыттағы жұмыстардың қай-қайсысы да өз деңгейінде қолға алынуда.

- Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады.

2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамамсыз ету бойынша орасан зөор жұмыс атқарылды,- деп атап өтті Елбасы өз мақаласында.

Иә, бүгінде елді дамытуға бағытталған Ұлт жоспары – қазақстандықтарды кемел келешекке, жарқын болашаққа жетелейтін киелі көпірге айналғандай!

 

Марат Серікбай

 
0
0
454

Осы тақырып бойынша

100 НАҚТЫ ҚАДАМ-кемел келешектің киелі көпірі - Yvision.kz