№10 орта мектебінде халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру
ҚР мәжілісі депутаттығына үміткерлер Қазақбаев О. Д., Мусабаев С. Б., облыс мәслихаты депутаттығына үміткер Досжанова Ж. Е. және Мұнайлы аудандық мәслихатына үміткерлер Нурманова Қ. Ш. және Ахмедов А. С. үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлер Мұнайлы ауданы, Батыр ауылындағы №10 орта мектебінде халыққа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды.
Халықты құлақтандыру жұмысы одан әрі жалғасын табады.
Кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдер және ауылішілік инфрақұрылымына қатысты сұрақтар көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.
Өз кезегінде, тұрғындар Партияға деген шынайы қолдауын білдіріп, сайлауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тілектестігін білдірді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
"Nur Otan"- ға дауыс бер!
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021


