10 карашада Атбасар аумақтық «Nur Otan» партиясының филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Оған бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысып, конференция жұмысын аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы ашып, жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес ауданның Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, конференция барысында Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында дебат өтті. Одан соң, арнайы дайындалған дауыс беру кабинкаларында облыстық мәслихатқа партиялық тізімдегі кандидаттарға онлайн режимінде құпия дауыс беру ұйымдастырылып, олардың қорытындылары жария етілді.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясының Атбасар аумақтық филиалынан ұсынылған аудандық депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім мен «Nur Otan» партиясы Ақмола аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.
Атбасар аудандағы конференциясы фейсбук әлеуметтік желісіндегі партияның ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.
