10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгін, 3 қаңтар күні облыстық депутаттыққа үміткер Аманиязова Мейрамгуль Базарбайқызы мен сенімді өкілі Жұмасат Мақсат "Есіктен - есікке" акциясы аясында Қарақия ауданы, Жетібай ауылы мен Құрық ауыл тұрғындары арасында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Олар "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияның жетістіктерімен бөлісіп, үнпарақтар таратты. Кездесуде халықтың тұрмысы, денсаулығы, білімі басты назарға алынғанын жеткізді. Сонымен қатар, 10 қаңтарда өтетін сайлауда "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
