Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

10 қаңтар 2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ, Президент алдағы саяси науқанға байланысты Үндеу жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалатыны туралы жазған. Президент өз сөзінде барлық саяси партиялар сайлау науқанына дайындалуы керектігін айтты. Бүгінге дейін сайлауалды платформаны әзірлеуге, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруге уақыт жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Сайлаудың үгіт-насиха жұмыстары 10 желтоқсаннан басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады. 9 қаңтар күні тыныштық күні.

Дәл қазір сайлаудың өтуіне 30 күн 5 сағат 34 мин қалды

0
0
239

Осы тақырып бойынша

10 қаңтар 2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді - Yvision.kz