«1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні» мерекесі.
«1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында партия қатарына салтанатты қабылдау шарасы өткізілді. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев құттықтау сөз сөйлеп, Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Ел Тәуелсіздігі жолындағы ерен еңбегі, көреген саясаты жайлы тоқталып, қазіргі елдің даму жолындағы жетістіктері, сондай-ақ мемлекетіміздің даму жолындағы партияның жетекші ролі жайлы айтты. Шара соңында жаңа қабылданған партия мүшелері, «Проогресс» политехникалық колледжінің мұғалімдеріне салтанатты түрде партия билеттерін тапсырды. Шарадан кейін жаңа қабылданған партия мүшелері естелік фотосуретке түсті.





