1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Еліміз үшін айрықша мемлекеттік мереке Тұңғыш Президент күнінің орны бөлек. 1991 жылы бірінші желтоқсанда тарихымызда рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз еркімен Қазақстан Президентін сайлады. Еліміз егемендік алып, дамудың жаңа жолын таңдады.
Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтерді. Ата Заңымызды, Рәміздерімізді рухани құндылықтарымызды қастерлей отырып, жас мемлекетіміздің абыройын асқақтату жолында тамаша бастамалар өмірге келді. Тұңғыш Президент күнінің ерекшелігі сонда, ол – қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды.
Құрметті әріптестер! 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен, "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Жолдасова
