1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні
Баршаңызды 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің ел тағдырындағы орны ерекше. Өйткені, бұл мереке Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Бүгінде Қазақстан тұрақты орныққан ұлтаралық келісімді, қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында өзгерістерге қол жеткізген, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті тұрақты дамып келе жатқан мемлекетке айналды. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне қол жеткізді.
Сол себепті де кемеңгер көшбасшымыздың қоғам өміріне арнаған ерен еңбегін бағалай білу баршамыздың парызымыз.
