1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл - күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілейміз!
