Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні»

Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясы атынан Сіздерді «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қаншама қиын, бұралаң жолдардан өтті, үлкен алып мемлекеттен жеке дара бөлініп шыққан кезде, мемлекеттігімізге күн туған сын сағатта тура жол тауып, бүгінгі заманауи даму жолына түскен мемлекетіміздің Тәуелсіз ел болып қалыптасып, гүлденуіне орасан зор үлес қосқан әрине, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі, көреген саясатының нәтижесі деп білеміз. Алдағы уақытта Тәуелсіздігімізді сақтап, бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарында болып, гүлдене беруі үшін әрқайсымыз белсене атсалысуымыз керек. Тәуелсіздігіміз ғұмырлы, Туымыз тұғырлы, Елтаңбамыз еңселі, болашағымыз жарқын болсын. Мереке құтты болсын! Исаев Ә.Ә. Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы

0
0
335

Осы тақырып бойынша

«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» - Yvision.kz