1 желтоқсан – ел тарихындағы айтулы мереке. Бұл-Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні.
Құрметті жерлестер!
1 желтоқсан – ел тарихындағы айтулы мереке. Бұл-Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні.
Тұңғыш Президент күні – Елбасы жетістіктері мен жеңістерін ұлықтайтын, өскелең ұрпаққа нағыз елжандылық пен отансүйгіштіктің, азаматтық пен ұлылықтың үлгісін көрсететін күн.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданып, еліміз егемендігін жариялады. Жас мемлекет тізгіні заманауи әлемнің ең көреген, ең кемел саясаткерлерінің бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сеніп тапсырылды.
«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!
