1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
ЕЛБАСЫ!
Елдің басында тұрып, көш бастау биік мәртебе әрі зор жауапкершілік.
Тәуелсіздікке қолымыз жеткенімен әлі де елең-алаң күй кешкен 90-шы жылдардың басы халқымыз үшін үлкен сын шағы болды. Тәуекелге бел буып, барлығын жаңадан бастап, елімізді аяғынан нық тұрғызған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан зор!
Ең бастысы әр таңымыз тыныштықпен атып, әр адам бейбіт күннің құшағында өмір сүруде. Өмірге келген ұрпақтың болашағының жарқын болуына сенім нығая түсті. Басты байлық елдің тыныштығы, әр азаматтың амандығы! Жүз жылдап тұрғызғанды бір күнде қиратқан елдерді көру таңсық дүние емес қазір.
"Тату болсақ бізде бәрі болады" деген Тұңғыш Президентіміздің өміршең өсиетін, ұстанымын ешқашан естен шығармауымыз керек. Елбасы Тәуелсіздікпен қоса бейбітшілік пен татулықтың іргесін қалаушы тұлға.
Кеше ғана бас шаһарымыз Нұр-Сұлтан қаласында іс сапарда болып келдім. Қандай керемет! Осындай алып, әсем қала тұрғызып, САРЫАРҚАНЫҢ ТӨРІН ЖҰМАҚТЫҢ ТӨРІНЕН кем қылмаған Елбасының еңбегіне, идеясына тағы бір мәрте шексіз риза болып келдім.
Бір сөзбен айтқанда, еліміздің әр кірпішінде Елбасымыздың қолтаңбасы бар. Еліміз тату, жұртымыз аман болғай!
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
Тұғырың биік, іргең берік болсын қалың қазақ!
