1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесіне орай «Nur Otan» партиясының Қарқаралы аудандық филиалында азаматтарды салтанатты түрде партияға қабылдау рәсімі өтті. Партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Кистаубаев қатысушыларды мерекемен құттықтап, партия билеттерін табыс етті.
