#1 спорт мектебінің ұжымымен кездесу өтті
Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері Меруерт Махаббатқызы, Назима Боранбайқызы Қаскелең қаласындағы #1 спорт мектебінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғалды.
Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауап берілді.
