Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні!⠀

1 наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні!

Алғашқы құрылған күнінен бастап, «Nur Otan» партиясы баршаны ортақ іске ұйымдастырып, қиын кезеңдерде елді соңынан ерте білді, билеуші партия ретінде қалыптасты.

⠀Қазіргі уақытта партияның алдында жаңа міндеттер тұр. Осы орайда, экономиканы одан ары өркендету, халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік салаларды дамыту – мемлекеттік және партиялық маңызды бағдарламалардың тікелей жалғасы болмақ.

Бүгін партия күніне және 1 наурыз Алғыс айту күніне орай "Ардагерлерді Ардақтайық" және "Бақытты Отбасы" партиялық жобалары аясында, Райымбек аудандық мәслихат хатшысы Құдабаев Ерлан және аудандық мәслихат депутаттары Арипова Гүлнара, Қойлыбаев Бек және Кошмұратова Күмісгүл және Нарынқол БПҰ төрағасы Шенебеков Амангелді , нарынқол ауылында әр санаттағы отбасылардың шаңырағында болып ауданның даму жолында қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Атап айтсақ осы ауылдың тұрғыны 40 жыл ұстаздық етіп бала тәрбиелеген ардақты ұстаз Ноғайбаев Құдайберген атамыздың шаңырағында болып мерекемен құттықтадық.

Балалық шағы соғыс жылдарымен сәйкес келген апамыз Сталин колхозында масақ теріп, таудан қарағай тартып оны шөлкелеп елге таратқан. 4 қыз, 6 ұлдың анасы Ботамолдаева Рабиға апаздың үйінде болып батасын алдық.

Ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1 млн. теңге грант алып Қытайда алған білімімен Нарынқол ауылынан аяқ киім тігінханасын ашып кәсібінен нәсібін тауып отқан Баратжан Орынкүл апайымыздың тігінханасында болып өз алғысымызды айттық.

Ауданымыздағы үлгілі отбасылардың бірі 7 бала тәрбиелеп отқан жас отбасы Шекиров Тұрсынбек ағамыздың шаңырақтарында болып ауданға атқарған қызметтері үшін алғыс айтып қайттық.

Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін партияластар! Елбасымен бірге – ел қуатын еселеуге жұмыла ат салысайық. Ол - біздің Отан алдындағы азаматтық парызымыз, келешегіміздің кепілі. Берекеміз берік болса, болашағымыздың баянды болатыны сөзсіз.

#Ардагерлерді #Ардақтайық

#Бақытты #Отабасы

#Алғыс #Айту #Күні

#Пария #Күні

0
0
225

Осы тақырып бойынша

1 наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні!⠀ - Yvision.kz