1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Құрметті ата-аналар!
Әр адамның жүзін жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені анық. Ендеше ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі,тыныштығы мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ.Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес»-деген. Бабаларымыз балалы үйді базарға теңеген.
Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін! Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың кемел келешегіне үлкен мүмкіндіктер жасалуда.
Құрметті балауса балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспін! Көк аспандарыңыз әрдайым ашық болып, аталарыңның бастан кешкен қиыншылықтары сендерге жолықпасын. Ата-аналардың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
Құрметпен “Nur Otan”партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова.
