1- маусым "Балаларды қорғау" күні
Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты.
Бүлдіршіндерімізді 1- маусым "Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарың ашық, дендерің сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларыңа тілектеспіз!
Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларын қорғау күні 16 маусымға белгіленген.
Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Құрметті балалар! Бұл мереке сіздерге қуаныш сыйласын. Баршаңызға мықты денсаулық, қуаныш пен сәттілік тілейміз!
