1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтау
Құрметті жерлестер!
Біздің байтақ жеріміз мыңдаған адамдар үшін алаңсыз өмір сүріп, қызмет ететін елге, тарихи және екінші Отанына айналған.
Біз ұлтымызға, білімімізге, жасымызға, дінімізге қарай әртүрліміз. Қоғамдағы бейбітшілік пен татулықты сақтауды жүрегімізбен, ақыл-ойымызбен сезініп, ғасырлар бойғы ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті бар басқаның ар-намысын досымыздай бағалау біз үшін басты мақсат болып табылады.
Елімізді жақсартып, жаңартуға бір кісідей кірісіп, біз жақсы өмірге ұмтылыс жасауымыз қажет. Ауданымыздың жан-жақты дамуы үшін экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іс жүзіне асырып, «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының орындалуын басты назарда ұстайды.
Болашағымызға сеніммен қарап, ауданымыздың бұдан да еселі қарқынмен алға қарай дамуына үлкен жауапкершілікпен қарап, халықтар достығының нығая түсуіне өз үлесімізді қоса беретін боламыз.
Баршаларыңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, еңбекте және қоғамдық өмірде табыс тілейміз.
«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов
