Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 – қазан Халықаралық қарттар күні

1 – қазан Халықаралық қарттар күніне орай 2021 жылдың 22 қыркүйек Заречное ауылындағы №2 кітапхана – филиалының ұйымдастыруымен «Қарияларға құрмет – ұрпаққа міндет» атты қарияларға көмек көрсету акциясы өткізілді. Ауыл белсенділерімен қосыла қарияларға көмек қолымызды создық. Жұмақанова Шолпан әжемізге кітап оқып беріп, Нахметова Шабайн апамыздың ауласын тазалап, қоқыстарын шығаруға көмектестік. Сонымен қатар, Куркина Зинайда апамыздың үй шаруасына көмек қолымызды создық. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қариялар – ақылды дариялар. Біз оларды құрметтеуіміз керек. Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу, көмектесу – біздің ата дәстүріміз.

0
0
271

Осы тақырып бойынша

1 – қазан Халықаралық қарттар күні - Yvision.kz