Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«№1 Аягөз қалалық» БПҰ төрағасының орынбасары Ерсін Серікбосынұлының қатысуымен тікелей эфир өтті

Аягөз аудандық филиалының instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында партияішілік жұмыс мәселелері бойынша «№1 Аягөз қалалық» БПҰ төрағасының орынбасары Тусупов Ерсін Серікбосынұлының қатысуымен тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін сайлаудың ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. 2021 жылы 10-қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауы соңғы 16 жылда бірінші рет мерзімінен бұрын емес, ағымдағы шақырылым депутаттарының өкілеттігі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын, конституциялық мерзімінде өтеді. Мәжіліс депутаттарын сайлау 2021 жылы 10 қаңтарда, ал Қазақстан халқы ассамблеясының атынан депутаттарды сайлау 11 қаңтарда өтуі тиіс. Коронавирус пандемиясы аясында, сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістер бойынша өтетін саяси додада Мәжілістегі 107 депутаттың 98-і партиялық тізімдерге сәйкес, 9 депутат ассамблея атынан сайланады.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

7
0
141

Осы тақырып бойынша

«№1 Аягөз қалалық» БПҰ төрағасының орынбасары Ерсін Серікбосынұлының қатысуымен тікелей эфир өтті - Yvision.kz