«№1 автобус паркі» өкілдері үміткерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды
«№1 автобус паркі» өкілдері Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. - «№1 автобус паркі» ұжымының қандай маңызды жұмыс атқаратынын атап өткен жөн. «NUR OTAN» партиясы тарапынан жүргізілген қоғамдық бақылау автобус паркінде карантиндік талаптарға сәйкес жұмыс істейтінін, олар жаңа жағдайларға бейімделгенін көрсетті. Мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде сіздерді қандай мәселе мазалайтынын жақсы білемін, - деп, автобус паркінің қызметкерлеріне «NUR OTAN» партиясының кандидаты Санира Жусупова жүгінді. - Қазір оқушылар қашықтықтан оқуда. Осыған байланысты жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендеді: жасөспірімдер автобуспен мектепке, секциялар мен үйірмелерге бармайды, содан кейін үйге қайтады. Тиісінше, бұл тасымалдаушының кірістерінің төмендеуіне әкелді. Кейбір қызметкерлер өте қиын жағдайға тап болды. Осыған байланысты біз мұқтаж әрбір азаматқа кепілдендірілген әлеуметтік көмек көрсету жұмысын жалғастырамыз. Партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» бағдарламасында қоғамның барлық топтарының мүдделері ескерілген. Игорь Веретнов қысқасынан сөз қайырды. Ол қаланың игілігі үшін жұмыс істейтінін және қаланың барлығына ортақ екенін айтты. - Қала депутаттар үшін және азаматтар үшін деп бөлінбейді, - деп атап өтті Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Игорь Веретнов. Вячеслав Кнутас «№1 автобус паркінің» қызметкерлеріне алдағы бес жылда ТҮКШ саласында орын алатын өзгерістер жайлы айтты. Алдағы жол жөндеу жұмыстарына ерекше тоқталды. Онлайн-кездесудің соңында «№ 1 автобус паркінің» өкілі партияластарға D санатты жүргізушілердің жетіспейтіндігіне шағымданды. - D санатын алу үшін автомектеп ашу мәселесі қарастырыла ма, - деп сұрады автобус паркінің өкілі. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жусуповасөз кезегін алды. Бос уәделер бермеу үшін Санира Орынтайқызы сәл кейінге қалдыруды өтінді. Мәселені егжей-тегжейлі түсініп, «№1 автобус паркінің» қабылдау бөлмесіне қоңырау шалуға уәде берді.
Представители «Автобусного парка №1» смогли задать интересующие их вопросы кандидатам в депутаты павлодарского городского маслихата.
- Следует отметить, какую важную работу выполняет коллектив «Автобусного парка №1». Проведенный общественный контроль со стороны партии «NUR OTAN» показал, что в автобусном парке работают в соответствии с карантинными требованиями, они адаптировались к новым условиям. Я как кандидат в депутаты городского маслихата прекрасно знаю, какой вопрос вас тревожит, обратилась к работникам автобусного парка Санира Жусупова, кандидат от партии «NUR OTAN». - Сейчас школьники обучаются онлайн. Из-за этого значительно сократился пассажиропоток:
подростки попросту не ездят на автобусах в школу, на секции и кружки, а потом - обратно домой. Соответственно, это привело к снижению доходов перевозчика. Часть сотрудников оказались в очень сложной ситуации. В связи с этим мы продолжим работать над предоставлением гарантированной социальной помощи каждому гражданину, который в этом нуждается. В программе партии «Путь перемен: Достойную жизнь каждому» учтены интересы всех слоев общества. Игорь Веретнов был предельно краток. Сообщил, что будет работать на благо города, и что город у нас общий.
- Он не делится на город для депутатов и город для граждан, - подчеркнул кандидат в депутаты павлодарского городского маслихата Игорь Веретнов.
Вячеслав Кнутас рассказал работникам «Автобусного парка №1», что в ближайшие пять лет изменится в сфере ЖКХ. Отдельно остановился на предстоящем ремонте дорог. В конце онлайн-встречи представитель «Автобусного парка №1» пожаловался партийцам на нехватку водителей с правами категории D.
- Будет ли рассматриваться вопрос об открытии автошкол для получения категории D, - спросил представитель автобусного парка.
Слово взяла кандидат в депутаты городского маслихата Санира Жусупова. Чтобы не давать пустых обещаний, Санира Орынтайкызы попросила небольшую отсрочку. Пообещала детально разобраться в вопросе, и лично перезвонить в приемную «Автобусного парка №1».
