№1 Қалалық емханасында жұмысшыларымен кездесу
Департаменттің қала тұрғындары және еңбек ұжымдар арасында халықты әлеуметтік қорғау бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде ақпараттық-насихаттық жұмысы белсенді түрде атқарылуда. 2017 жылдың 22 маусымында Департамент, Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры және Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлерінен құралған ұтқырлық топтың №1 Қалалық емханасында жұмысшыларымен кездесу өтті.
Өткізілген кездесуде зейнетақымен қамсыздандыру, мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемелекеттік жәрдемақылар тағайындау, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек беру мәселелері, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың құқықтары түсіндірілді. Жұмысшылар зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері, Қазақстанда енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру туралы сұрақтарға жауап алды.
