086у және 083/у нысанындағы медициналық анықтаманың қажеттілігі туралы мәселе талқыланды
2019 жылы 14 ақпанында "Ақжайық-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде – жоба со-куратоы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, этикалық кеңес төрағасы Б. Исаков пен жобалық кеңсе басшысы А. Салиевамен кездесу ұйымдастырылды.№1,№2,№3,№4,№5,№6, сондай-ақ "Батыс Авигип" ЖШС, "МедЦентр"ЖШС жеке медициналық ұйымдарының директорлары,"Арсам" ЖШС және "Талап"АҚ.
Кездесу барысында 086у және 083/у нысанындағы медициналық анықтамалардың қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Бұрын 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы тіркеу орны бойынша емханаларда ғана берген, бірақ қазір оны жеке меншік медициналық орталықтардан алуға мүмкіндік бар.
Бүгінгі күні бұл процедураның нақты регламенттелуі жоқ, сондықтан клиникалар пациенттерден төлемақы алу туралы өз бетінше шешім қабылдай алады. Аталған анықтамалардың құны 3500 теңгеден 7500 теңгеге дейін болады. Құны шұғылдыққа және флюорографиядан немесе басқа да рәсімдерден өту қажеттігіне байланысты (мысалы, пациент дайын талдау нәтижелерімен келуі мүмкін).
Сондай-ақ, осы анықтаманы тексеруден өтпей ресімдеуді ұсынатын ұйымдар бар. Олар бланкіні басып шығарады, оны толтырады, барлық мөрлерін қояды және жалған құжаттарды ең аз сомаға заңсыз сатады. Мұндай ресімдеу тәсілі ең жылдам және арзан екенін ескере отырып, көпшілігі оны пайдаланғысы келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан осы анықтамаларды талап етуді қоспағанда, қызметті цифрлау ұсынылды. Осылайша, көрсетілетін қызметті алушының денсаулық жағдайы туралы ақпарат талап етілетін ұйым сол көрсетілетін қызметті алушының келісімімен көрсетілген деректерді ақпараттық жүйе арқылы дербес ала алады. Осылайша жалған анықтамаларға сұраныс алынып тасталады, материалдық шығындар мен көрсетілетін қызметті алушылардың уақыты үнемделеді.
