07 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 07 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясы өткізілді. Конференцияның күн тәртібінде партия Жарғысының 9.6 тармағын басшылыққа ала отырып, ауылдық округ әкімдерінің сайлауына байланысты Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің лауазымы үміткерлігіне «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын кандидат делегаттардың көпшілік даусымен бекітіліп, аудандық сайлау комиссиясына тіреуге ұсынылды. Конференция жұмысын жүргізген партияның аудандық филиалының төрағасы Көшбасшы партияның атынан ұсынылып отырған кандидатқа сәттілік тіледі!
