Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс: таяу Шығыста не болып жатыр?
7 қазан таңертең Газа секторын бақылайтын ХАМАС тобы Израильді жаппай атқылай бастады. Қару асынған ХАМАС содырлары шекараны бұзып, Израиль қалаларына кірген.Газа секторынан 80 шақырым аумақта төтенше жағдай жарияланды. Израильдің бірнеше қаласы зымыран соққысының астында қалды. Кей қалада атыс жүріп жатыр.ХАМАС қозғалысы Израильге қарсы "Әл-Ақса дауылы" әскери операциясын бастаған хабарлады. Олардың сөзінше, бұған "Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінің қорлануы" түрткі болған.Шабуылға жауап ретінде Израль да "Темір қылыштар" әскери операциясын бастап, Газа секторындағы нысандарға соққы берді."Ұзақ әрі ауыр соғысқа кірісеміз. Израиль азаматтары, бұл операция емес - соғыс. ХАМАС-тың шабуылы бізді соғысқа мәжбүрледі", - деді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.Ел арасындағы қақтығыс салды…
