💧 Таза су — пайдалы, бірақ жалғыз жол емес. Жаздың аптап ыстығында ағзадағы сұйықтықты тек су арқылы емес, басқа да пайдалы сусындармен толықтыруға болады. Диетологтар бірнеше дәмді әрі тиімді нұсқаларды ұсынады.Неге бұл маңызды? Су теңгерімі – ағзадағы барлық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет: ми мен бұлшықеттер жұмысы, дене қызуын реттеу, буындар қозғалысы, ұйқы сапасы мен ас қорыту осыған тікелей байланысты.Электролиттер деген не?Электролиттер — бұл ағзадағы сұйықтықтың балансына жауап беретін минералдар: натрий, калий, магний, кальций және фосфор. Олар суды ұстап тұруға, бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысын реттеуге көмектеседі.🫖 1. Шөптен жасалған шайларЖалбыз, зімбір, түймедақ секілді шөп шайлары:Дене сұйықтығын толықтырадыАнтиоксиданттарға байЫстықта мұздатылған түрінде ер…