Балқаш ауданы Ақкөл ауылының мәдениет үйінде ауыл
Балқаш ауданы Ақкөл ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен сайлау алды штабының мүшелерімен кездесуі болып өтті

Балқаш ауданы Ақкөл ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен сайлау алды штабының мүшелерімен кездесуі болып өтті
Бүгін 26 қазан Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабы бiлiм беру мекемелерінің басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Кандидат - Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырылды. Соңымен қатар Қ.Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрғандығы айтылды. Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі.
"Біз оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылдаймыз" деп айтқан сөздері жеткiзілдi. Бiлiм беру мекемелерінің басшылары сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтындарын айтты.
#Toqaev2022




Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты Республикалық мемлекеттік мекемесінде кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Штаб мүшелері Қ-Ж.К.Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сайлауалды бағдарламамен танысқан ауыл тұрғындары алда тұрған жауапты дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтып, өз ұсыныстарын білдірді.
#toqayev2022

Эфир барысында алдағы Президент сайлауы – еліміздің ертеңіне ықпал ететін маңызды науқан екендігін айтып өтті.
Бүгін «AMANAT» партиясы Бөрлі аудандық филиалында жас еріктілермен «Ел болашағы – жалынды жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында жас еріктілер Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстырылып, талқыланды. Талқылау барысында «Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында» екендігі туралы айтылды. Жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп,қойылған сауалдарға жауап алды.
#Toqaev2022



Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабы Бөрлі ауданының медицина қызметкерлерімен кездесті. Халықтық коалицияға енген қоғамдық штаб өкілдері аудандық мәслихаттың хатшысы- Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы, "Ақжол" партиясының өкілі - Дүйсенов Серiк Чапайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ерманов Рахымжан Бiрманұлы және "АMANAT" партиясының Атқарушы хатшысы О.Тулемисов, шақырылған азаматтарды Қ.К. Токаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар Қ.Тоқаевтың " Мен ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның екінші басты қағидаты – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.Бұл халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүддесін бірдей қорғауға негізделген әділетті экономика құру, ресурстарды тиімді пайдалану деген сөз.«Еңбегіне қар…
Бүгін ағымдағы жылдың 26 қазан күні "Бәйтерек" супермаркетiнiң қызметкерлерiмен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты, Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, үгiт - насихат жүргізу. Аталған мекеменің қызметкерлерiне елiмiзде алғаш рет халықтық коалиция арқылы Президенттiкке кандидат ретінде Қ.К. Тоқаевты ұсынғаны айтылды.Сайлауалды бағдарламасында Қ.Тоқаев:"Қазақта «Ел» сөзі «халық», сондай-ақ «мемлекет» деген мағына береді. Шын мәнінде, халық пен мемлекет бір-бірінен бөле-жарып қарауға келмейтін – егіз ұғымдар. Сондықтан, мемлекет дегеніміз бұл – ортақ құндылықтары бар халық деген сөз.Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары – еліміздің тәуелсіздігі және жеріміздің тұтастығы. Сондай-ақ, халқымыздың тере…
Ауданымызда халықтық коалиция мүшелерінен құралған аудандық қоғамдық штаб ресми түрде өз жұмысын бастады. Аудандық қоғамдық штабтың төрағасы Б.Қуанәлиев үлкен саяси науқанның басталуымен құттықтау сөз сөйлеп алдағы науханда белсенді жұмыс күтіп тұрғандығын жеткізді. Өз кезегінде сөз алған «Ақжол» партиясының өкілі Е.Нигметов, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ғ.Шагиров, өз тілектерін жеткізіп кандидатымыз Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың штабында бірге жұмыс жүргізетіндігін жеткізді. Жиналғандар үлкен жауапкершілікпен үгіт насихат жұмыстарын бастайтын болды.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы аясында сенім білдірілген өкілдердің Ақдала ауылының тұрғындарымен әлеуметтік мәселелерді талқылау бойынша үгіт-насихат кездесуі өтті.