Үржар аудандық бөлім басшыларының наурыз айындағы аудан тұрғындарын қабылдау кестесі
"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалындағы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының наурыз айындағы аудан тұрғындарын қабылдау кестесі

"Nur Otan" партиясының Үржар аудандық филиалындағы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының наурыз айындағы аудан тұрғындарын қабылдау кестесі
Бүгін көктемнің алғашқы күнінде қос бірдей мереке. Бірі - Алғыс айту күні болса , бірі - партия күні. Осындай айтулы күні "Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалында партия белсенділерін марапаттауға арналған жиын болып өтті. Жиын барысында партия қатарына қабылданған азаматтарға партиялық билет табыстап, партия белсенділерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Бүгін 1 наурыз Партия күніне орай, «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында партия қатарына қабылданған жастарға партия билеттерін салтанатты тапсыру шарасы оздырылды. Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов шараға қатысушыларды бүгінгі қос мереке Алғыс айту күнімен және «Nur Otan» партиясының 22 жылдығымен құттықтап, жастар қашанда еліміздің ертеңі мен болашағы екенін, еліміздің өсіп-өркендеуінде олардың үлесі зор екенін жеткізіп, жастық жігерлері мен білімдерін елімізге қызмет етуге арнайтындарына сенім білдірді.
1 наурыз - "Nur Otan" партиясының құрылған күні
Құрметті партияластар мен оның жақтаушылары! Баршаңызды партияның құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. "Nur Otan" партиясы халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, Қазақстанның дамуына бағытталған Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға үлкен үлес қосып келеді.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында күрделі де жауапты қызметтеріңізге табыс пен сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға амандық, татулық пен бақ-береке тілейміз.
Құрметпен "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы
Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурыз Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!Алғыс айту күні - бұл Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этнос халқының ортақ тарихи құрметтеу күні.Алғыс айту күнін атап өтудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазаққа тән құндылықтарды бағалау болып табылады.Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған миллиондаған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қонақжай қазақ халқына терең тағзым б…
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Қабыланбек Райымбекұлы қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, мал шаруашылығы мәселелері көтерілді. Көтерілген мәселелерге заң аясында кеңестер берді.
Тұрғындар аспалы көпір салу, көше жарықтандырылуы және өзге де жеке мәселелерімен қайырылды. Өз кезегінде округ әкімі аталған өтініштердің басым бөлігі алдағы уақытта өз шешімін табатындығын жеткізді.
Алғыс айту күні – бірлік пен достықтың, татулық пен келісімнің жарқын мерекесі. Бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады. Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыстарын білдіруде. Барша қазақстандықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің күшіміз – бірлікте! #NurOtan– бірлік пен достықтың, татулық пен келісімнің жарқын мерекесі. Бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан…