
Нур-Султан – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірег.
Нур-Султан – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». Егер біз бабаларымыздың қанымен келген тәтті сыйымыз тәуелсіздікті ұлы жетістігіміз деп есептесек, елордамыз соның ең асқақ жемісі. Ол –Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Ол –отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Астана күніне орай Катонқарағай ауылдық округі жастары атынан құттықтауларды қабыл алыңыздар!
Ахмерова Раушан Кусайновна Дина Кенже қызының "Тойбастар " күйін орындауы.
30 жылдығына және күйші Дина Кенже қызының 160 жылдығы аясында "Домбыра" күніне орай Өрел орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Ахмерова Раушан Кусайновна Дина Кенже қызының "Тойбастар " күйін орындаса, шәкірті 8"А" сынып оқушысы Нұролда Жұлдыз Құрманғазының "Адай" күйін орындады.
6 - шілде Нұр-Сұлтан күні.
6 - шілде Нұр-Сұлтан күні. Қазақстанның елордасы, бүгінгі астанамыз – Нұр-Сұлтан қаласы қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.Астанмыз Нұр-Сұлтан одан әрі гүлдене берсін!
Қазақстан тәуелсіздігіне 30-жыл
Қазақстан тәуелсіздігіне 30-жыл. Астана күні.Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10- маусымда өтті.1999 жылы Астана қаласы (қазіргі Нур-султан)"Бейбітшілік қаласы" атағына ие болды.2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады.
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала.Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады. Білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылуда
Шеберлік сыныптары: Гүлдер себеті
Бүгін шебер сабағында біз әдемі гүлдер себетін жасадық. Ол үшін мына заттар қажет болды: түрлі-түсті қағаз, желім, қарындаш, қайшы, дайын гүл үлгісі, және біздің себетімізге арналған дайын жолақ үлгісі. Әдемі себет сізге жарқын декор ретінде қызмет етеді.
Ұлттық домбыра күніне орай Катонқарағай ауылының "Саз мектебінің" орындауында "Құдаша" күйі.
Ұлттық домбыра күніне орай Катонқарағай ауылының "Саз мектебінің" орындауында Дәулеткерей Шұғайұлының күйі "Құдаша".
Мәжілісмен Тарбағатай ауданының активімен кездесті
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы сенім комиссиясының және "Nur Otan" партиясының мәжілістегі фракциясының мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлы Тарбағатай ауданының активімен және аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.
Президенттің "Еститін мемлекет" тұжырымдамасы, халық пен билік арасындағы диалог, қабылданған заң жобалары туралы кеңінен баяндалып ұсыныс-пікірлер де тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған Омбы-Майқапшағай жолының , Қарғыба және Қандысу су тоспаларының жөнделуі, интернет байланысын нашарлығы, сондай-ақ аудан орталығына мектеп салу туралы сұрақтарын тыңдаған Ерлан Бияхметұлы аудандағы өзекті мәселелерді үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп - көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді. Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.