📍«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері
📍«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Мыңжылқы Бердіқожаев, Наталья Дементьева, Мұрат Әбенов Қызылорда облысының Шиелі ауданына барды. Мұнда олар жергілікті тұрғындармен, денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды таныстырды. Мәселен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен болған кездесуде штаб мүшесі Мыңжылқы Бердіқожаев медицина саласы қызметкерінің мәртебесі артпайынша аталған салада даму болмайтынын алға тартты. 🗣«Дәрігер мәртебесін заң жүзінде бекітуді, медицина қызметкерлерін қорғау мен қолдауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, цифрландырудың арқасында қағазбастылықты азайтуды және денсаулығы туралы ақпараттың әр азаматқа толық қолжетімді болуын қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді М.Бердіқож…

