Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.В.Имашева азаматтарды қабылдау жүргізді.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева аудан әкімдігінің ғимаратында азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында Подстепный-Илек жолын күрделі жөндеу, Жаңаталап ауылының маңындағы карьер туралы мәселелер қозғалды.

0
0
205

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С.В. ИмашеваБөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 қаңтаында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева Бөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесті. Кездесу барысында шаруа қожалықтарын, техниканы, шөп шабуды субсидиялау, жер учаскелерін жалға алу, пошта қызметкерлерінің жалақысын көтеру, «Казтрансаймақ» АҚ-ның тариф бағаларын төмендету бойынша мәселелер қозғалды.

0
0
198

Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева Бөрлі ауданының шаруа қожалықтарымен кездесу туралы

Бүгін, яғни 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Валерьевна Имашева «Ақсай РЭК» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында аудандық электр желілерінің 80% тозығы жетуіне байланысты электр желісін ауыстыруға қаржы бөлу, нысандарды коммуналдық меншікте қалдыру, «Ақсай РЭК» мекемесінің қызметкерлерінің жалақысын көтеру, трансформаторларды ауыстыру, материалдық-техникалық базаны күшейту туралы мәселелер қозғалды

0
0
361

Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында 2019 жылы ашылған Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты мектеп лицейдің оқу корпусы және күні кеше ғана ашылған жатақханасының жағдайымен танысты. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Жанболсынов оқу ғимаратының тарлығын алға тартып, ауылдық округтерден дарынды балаларды қабылдауға көп мүмкіншіліктің болмай тұрғанын айтып, қазіргі таңда ауданның көптеген талантты балалары облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектептерде оқып жатырғандығын тілге тиек етті. Бұл мәселені аудандық маслихаттың депутаттары да көптен бері көтеріп жүр. Мәжіліс депутаты А.Жамалов аудан орталығынан жаңадан мектеп лицей ғимаратын салдыртуға ықпал етуге, жұмыстанатындығы…

0
0
288

Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында

21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Мәкәрімұлы Жамалов Сырым ауданында болған іс сапар барысында аудан орталығы Жымпиты ауылында орналасқан "Эверест" сауда орталығында болып, қазіргі күні халық жиі тұтынатын азық-түліктің бағаларымен танысты. Сауда орталығын аралау барысында мәжіліс депутаты аудан орталығындағы шағын наубайханаларда пісірілетін нан бағасының құны, сауда орталығындағы нан бағаларынан төмен болу керектігін атап өтті. Сонымен қатар бағаларды үнемі назарда ұстау керектігін айтты.

0
0
262

Парламент Мәжілісінің депутаты Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы Сырым ауданында іс сапарда болды.

Мәжіліс депутаты ең алдымен 2021 күрделі жөндеуден өткен, Алашорда көшесінде орналасқан ғимараттың жағдайымен танысты. Бүгінгі таңда ғимарат күрделі жөндеуден өткенімен, ішін музейге бейімдеп, безендіру үшін қаржы қажет болып тұр. Ғимарат ішіндегі бес музей залына қомақты қаражаттың қандай бағыттарға керек екендігін Сырым тарихи-өлкетану музейінің директоры, аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі А.Ойшыбаева бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, мәжіліс депутатынан осы мәселені назарда ұстауын сұрады.

0
0
201