Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 562 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

Наурыз мейрамы апталығы: «Бабаларды еске алу және бата күні»

Кітапханада Наурыз апталығының үшінші күні өткізілді. Бүгін – шежіре және бата күні. Іс-шараға М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің 6 сынып оқушылары мен №18 мектептің 9 сынып оқушылары келді. Іс-шара Нығметжан Мирас пен Тасмаганбетов Ерасылдың орындауында «Адай» күйімен ашылды. Әрі қарай кітапханашы балаларды «Наурыз-көктем» кітап көрмесімен таныстырды, Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылды. Содан кейін негізгі тақырып шежіре және бата тақырыбына көштік. Балалар өздерінің жеті аталарын еске түсіріп, шежіре ағашына жазды. Балалар өздерінің білетін баталарын айтып, бір-біріне жақсы тілектерін тіледі. Соңында арқан тартыс, орамал тастау сияқты ұлттық ойындар ойнадық. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

https://www.instagram.com/y.altynsarin.obzhk.qst/

0
0
413

Бүгін партиялықтар Ақтөбе облысындағы арнайы киім шығаратын зауыттың еңбек ұжымымен кездесті

Бүгін партиялықтар Ақтөбе облысындағы арнайы киім шығаратын зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл салада маман тапшылығы, тұрақты, ұзақ мерзімді тапсырыстардың болмауы сияқты бірқатар жүйелі проблемалар бар. Олар «AMANAT» партиясы жеңіл өнеркәсіп саласында жаңа кәсіпорындар құруға ұмтылатынын атап өтті.

📷📷

«Біздің бағдарламамызда халық тұтынатын тауарлар өндірісінің көлемін арттыру, лайықты жалақы төлеу және шикізат экспортынан дамыған өңдеу өнеркәсібіне көшу сынды нақты экономикалық блок әзірленген. Күш-жігерімізді біріктіріп, Қазақстанды шын мәнінде құрушы, өндіруші экономикасы бар елге айналдырамыз. Отандастарымыз Қазақстанда жасалған және халықаралық деңгейде мойындалған жоғары сапасы тауарлармен мақтанатын болады», – деді РСШ мүшесі Бердібек Сапарбаев. t.me/AMANATPartiyasy

0
0
259

Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысында 105 мың жаңа жұмыс орнын құру

Алдағы 5 жылда Ақтөбе облысында 105 мың жаңа жұмыс орнын құру, 55 кәсіпорында жабдықтарды жаңғырту және орташа жалақыны 264,2 мыңнан 320 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.📷📷Бұл туралы Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесуде айтты. Жұмысшылардың мүддесі мен құқығын қорғау – партияның негізгі басымдықтарының бірі. Осылайша, шетелдік мамандармен бірдей біліктілігі бар қазақстандықтар олармен тең жалақы алады. Партиялықтар зиянды және қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке ертерек шығуына қол жеткізеді. Еліміздің барлық кәсіпорнында еңбек медицинасы қызметі жұмыс істейді. «Өнеркәсіп – экономиканың негізгі драйвері. Ол өңірлік жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрап отыр. Ақтөбе өңірі металлургия саласын дамыту…

0
0
221

«AMANAT» партиясы әлеуметтік нысандардың санын арттыруға мүдделі

«AMANAT» партиясы әлеуметтік нысандардың санын арттыруға мүдделі📷📷Штаб мүшелері Бәйтерек ауданының қоғам өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның шалғайдағы және шекара маңындағы елді мекендерді дамыту мәселесіне қатысты басым бағыттарын талқылады. Бұл кездесуге 100-ден астам адам қатысты. Тұрғындар тұрғын үй тұрғызу, сумен жабдықтау, білім беру ісі мен медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.📷📷Алдағы 5 жылда облыста 20 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға ие болады. 38 ауылда сумен жабдықтау нысаны салынады. Ал 121 ауылда кешенді блок-модуль орнатылады. Апатты жағдайдағы мектептерді жою және оқушы орны тапшылығын болдырмау үшін өңірде 36 жаңа мектеп салынады. Оның алтауы осы Бәйтерек ауданында тұрғызылады. Сонымен қатар, БҚО-да 50 медициналық нысан салу жо…

0
0
198

«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысында үгіт-насихат жүргізуде

«AMANAT» партиясының сайлауалды республикалық штабының мүшесі, «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тимур Жұмырбаев және партиялық тізім бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидат Ербол Салықов, облыстық мәслихатқа кандидаттар Мирболат Құрманғалиев, Мұратбек Мұхамбедиев, Шаттық Өтебалиева, Архат Исламғалиев Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданына барды.Олар алдымен аудан орталығында болып, жергілікті бюджеттік мекеме қызметкерлерімен кездесті.– Партия әлеуметтік салаға басымдық береді. Облыста жыл сайын мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылады. «Педагогтардың мәртебесі туралы» заң қабылданғаны секілді енді әлеуметтік сала мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыру көзделіп отыр, – деді Ербол Салықов.Сайлауалды штаб мүшелері кездесуде айтылған ұсыныс-тілектер ескері…

0
0
480

Ауыл тұрғындарының аманаты мен ұсыныстарын тыңдады.

Бүгін "AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудандық маслихат депутаттығына үміткер Б.Қуанәлиев қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындарының аманаты мен ұсыныстарын тыңдады.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
161

“ЕСІКТЕН ЕСІККЕ” акциясы өтті

Бүгін “AMANAT” партиясы аудандық жастар белсендісі Н.Перғалиев “Есіктен есікке” акциясы өткізді. Талов ауылының тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Отбасыларда өткен жүздесуде шаңырақ иелері «AMANAT» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
201