Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Суретке қалай мінсіз түсуге болады?

«Таңшолпан» пайдалы кеңес ұсынады.

Суретке қалай әдемі, мінсіз түсуге болады? «Таңшолпан» пайдалы кеңес ұсынады:

  • Кез келген жағдайда көзді кең ашып түсу керек;
  • Егер суретке иегіңізді ұстап түскіңіз келсе, қолыңыздың ұшын ғана иегіңізге тигізуге тырысыңыз;
  • Қолды айқастырған кезде екі қолыңыз да көрініп тұрғаны абзал;
  • Пиджактың түймесі міндетті түрде салынбаған болуы тиіс;
  • Қолды қалтаға салмай, кеуденің тұсын ұстаңыз;
  • Екі қолыңызды жоғарыға көтерген кезде неғұрлым  жинақы болсын;
  • Фотоға түсуге қарсылық танытсаңыз да, бетіңізді қолыңызбен  жаппаңыз.
  • Костюмді шешіп түскіңіз келсе, арқаңызға ұстаған жөн.
0
0
1190

«Айтуға оңайда...». Жақсы адамдар

Бүгін сағат 20:20-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Жалпы қоғамда жақсы мен жаман, ақ пен қара қатар жүреді. Бірақ, біз жамандықты көп айтамыз.

Ал, бұл жолы біз жақсы адамдар жайлы сөз қозғайтын боламыз. Адамдарды мейірімділікке шақыратын хабарды бүгін сағат 20:20-да көріңіз.

0
0
283

Техникалық үзіліс туралы хабарландыру

Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ телерадио хабарларын тарату орталығындағы профилактикалық жұмыстарға байланысты сағат 17:00-ге дейін үзіліс.

Сондай-ақ, 20 қазан сейсенбі күні 14.00-ден 16.00-ге дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары уақытша көрсетілмейді.

0
0
430

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 12:05-те көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 12:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
604

«Келбет» бағдарламасында – Көпжасар Нәрібаев

Бұл туралы бүгін сағат 14:15-те «Келбет» бағдарламасынан көре аласыздар.

Көпжасар Нәрібаев Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туылған. Экономист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы.

Ол 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша Кеңесшісі болған.

Көпжасар Нәрібаев туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:15-те көре аласыз.

0
0
398

Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі

Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз.

Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ауылда тұратын ата-әжесіне келген Әли мен Айя есімді кейіпкерлер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әли мен Айя табиғаттың түрлі құпия-сырларына жауап іздейді. Ән айтып, би билейді. Әр бөлімде қазақтың Ұлттық өнері, мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрі қамтылады.

«Әли мен Айя» мультфильмін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

0
0
948

Геннадий Головкин Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді

Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

Бүгін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді.

Айта кетейік, Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

0
0
332

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Айтыстан үзінді»

Сөз сайысын бүгін сағат 13:30-та көріңіз.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Айтыста лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі ықпал жасап отырған.

Ұлттық арнаның бейнеқорындағы үздік айтыстарды бүгін сағат 13:30-та тамашалаңыз.

0
0
269

«Жаңа қоныс» телехикаясын көріңіз

Телехикаяның 3,4- бөлімдерін бүгін сағат 14:35-те көріңіз.

Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары. Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте жақын, деп айтуға болады.

Себебі, көрермен өзіне етене жақын, таныс оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қызыққа толы «Жаңа қоныс» комедиялық сериалын бүгін сағат 14:35-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
247

«Поэзия әлемінде» ақын – Жанат Жаңқашұлы

Бүгін сағат 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

«Поэзия әлемі» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері қарағандылық ақын – Жанат Жаңқашұлы. Ол Қарқаралы ауданы, Сарыобалы аулында 1987 жылы туған. 2009 жылы ҚарМУ-дің журналистика бөлімін тәмамдаған.

«Тәңір таңбасы» атты кітабы шыққан. Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылған жыр мүшайрасында Дәуітәлі Стамбеков атындағы сыйлықтың иегері.

Жанат Жаңқашұлы туралы хабарды бүгін сағат 12:30-да көріңіз.

0
0
1327