
«Келін». Телехикая (Үндістан, 2008 ж.)
«Өнер шежіресі».
Windows 8 интерфейсі. «Модерн» стиль!
Бұл ОЖ-нің (Операциялық жүйе) тарихы жайлы жазбай-ақ қояйын. Себебі ғаламторда бұл тақырыпқа арналған мақалалар өте көп. Бірден ең қызықты жеріне, интерфейсіне көшейін. Windows 8 атына ие болған ОЖ қандай екен? Жаңа және жақсы Операциялық жүйе деп айтуға тұрарлық па? Microsoft корпорациясының жаңа өнімі, Windows 8 операциялық жүйесінің интерфейсін толық қарастырып шығайық. Жүйелік талаптары Ең бірінші, бастамастан бұрын, міндетті түрде жүйелік талаптарын қарастырып шығайық. Алдыңғы нұсқасымен (Windows 7) салыстырғанда өзгешелік жоқ. Процессор: 1ГГц. Жедел жады: 1Гбайт - 32 биттік, 2 Гбайт - 64 биттік жүйе үшін. Жад: 20 Гбайт бос орын. Бірақ жұмыс істеу жылдамдығы әлдеқайда жоғарылаған. Мүмкін, бұл нәтижеге, Windows Aero қосымшасын алып тастау арқылы жеткен болар Тест жасалынған өнім: Leno…