Е.Қошанов қордаланған мәселелерді шешу үшін мемлекеттік органдарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырды
Осы орайда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған бірқатар Үкімет мүшелері арнайы келді.Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы депутаттардың өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысуын күшейту жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.– Депутаттар ақпан айында еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен мазмұнды кездесулер өткізді. Онда тұрғындар тарапынан бірқатар проблемалар көтеріліп, өтініштер қабылданды. Соның бәрін жинақтап, бір ай бұрын Үкіметке жолдаған болатынбыз. Міне, бүгін осы мәселелердің шешілуі туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдайын деп отырмыз, - деді Ерлан Қошанов.Депутаттар еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен 1600-ге жуық кездесу өткізді. Олар түрлі әлеуметтік нысандарда, кәсіпорындар мен базарларда, шалғай елді мекен…
