Мазмұнға өту
Новости
Новости

Новости

6 173 жазбалар429 тіркелуші

Актуальное и интересное со всего света

Алматыда интимдік қызмет көрсеткен тағы бір жезөкшелер үйі анықталды

Полицейлер қызметкерлер массаждан бөлек, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткенін айтады.Мекеменің әкімшісі мен салонда жұмыс істейтін жеті қыз оқиға орнында ұсталды.

«Сол түні өздерін сауықтыру массажы салондары ретінде көрсеткен тағы екі нысан анықталды. ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігінің Алматыда тіркеуі жоқ. Жеткізілгендердің жеке басы қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғына тексерілді», - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
294

Қазақстандықтарды қандай мәселелер толғандырады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаровтың сөзіне сенсек, халықты неғұрлым көп мына мәселелер толғандырады:

- ұялы байланыс пен интернеттің сапасы;

- өңірлерді электрлендіру және газдандыру;

- сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

- өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;

- мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері;

- бала асырап алу, қашықтан оқыту форматы, оқу бағдарламаларын жаңарту;

- спорт секциялары мен шығарма үйірмелерін жан басына қаржыландыру.

Аталған ахуалдардың көбісін шешу үшін бюджеттен қаражат бөлу қажет. 2023-2025 жылдарына мемлекеттік бюджетті құру барысында соның ішінде 16 мәселені жоятын 17,7 млрд сомасы есепке алынады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар тағы 14 мәселені қаржыландыруды қарастыруда.

0
0
327

Алматы облысындағы асыранды балаларды ұрып-соғу оқиғасы: жаңа деректер айтылды

Алматы облысы прокуратурасының хмәліметінше, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысында балалардың мүдделері мен пікірлері ескеріліп, оларды қамқоршысына қалдыру туралы шешім қабылданған.

«Қазіргі таңда ішкі істер органдары Іле аудандық ІІБ-на тіркелген материал аясында әкімшілік шара қолданып, тиісті құқықтық баға берілді. Облыс прокуратурасы облыс бойынша осыған ұқсас деректерді анықтау бойынша талдау жүргізіп, тиісті шаралар қабылдады», - делінген хабарламада.

0
0
355

Сауран ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға берілмек

Қазан айында Сауран ауданында 300 орындық мектеп пайдалануға беріледі. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында салынып жатқан білім ордасы Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекенінде бой көтерген. Бұған дейін бір ғана мектеп бүкіл ауыл балаларын оқытуға мәжбүр болып келсе, енді 400 бала аталған жаңа мектепте білім алады. Елді мекеннің жалпы халық саны – 5600-ден астам.Бүгін нысанның құрылыс барысымен танысу мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай арнайы жұмыс сапарымен келді. Онда депутат құрылысқа жауапты тұлғалармен кездесіп, мән-жайға қанық болды. Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаты Кеңес Әуен және аудан әкімі Ғани Рысбеков қатысты.�…

0
0
463

Жастар арасындағы несие

2022 жылдың қаңтар айынан бастап 22 жасқа дейінгі 80,5 мың азамат өмірлеріндегі алғашқы несиелерін ресімдеген. Бірінші кредиттік бюроның сараптамасына сәйкес, бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары көрсеткіш. Ал жаңа клиенттерге берілген несиенің орташа мөлшері 320 мың теңгені құраған.Жалпы, қазақстандықтардың алатын несиенің 85%-дан астамы смартфондар, сымсыз құлаққаптар және басқа электроника сатып алу үшін қолданады екен. Сонымен қатар жастар скутер мен мопедтерді сатып алуға, қарыздарды өтеуге, жалға алу шығындарын өтеу үшін несие алады. Айта кететін жайт, қарыз алушылардың тек 5%-ы ғана бұл ақшаны білім алуға және өз ісін ашуға жұмсайды.Несие алу ең алдымен қаржылай және психологиялық тұрақты азаматтарға сай болғандықтан, қаржыгерлер несие және микроқаржы алу…

0
0
302

Ақтөбеде сот ғимаратына «мина қойылды» деген ақпарат түсті

«24 тамыз таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен», - делінген хабарламада.

Полиция департаменті жасырын хабарламаның авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел шараларды жүргізіп жатыр.

0
0
237

Кәріз құдығынан сәбиді құтқарған жасөспірім марапатталды

Жасөспірімді қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Әбдібек Жаназаров қабылдап, құрмет грамотасы мен қол сағатын салтанатты түрде табыс етті.

«Біз көрсеткен батылдығың үшін алғысымызды білдіреміз. Сен нағыз батырсың!» - деді Жаназаров.

Еске салайық, 19 тамызда Қызылордада төрт метрлік кәріз құдығына түсіп кеткен екі жасар баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан жасөспірім құтқарып қалды.

Арман Қызылордаға М.Ихсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжіне түсу үшін келген. Таңдаған мамандығы - электрик. Ол көпбалалы отбасынан шыққан жігіт.

Фото алынды tengrinews.kz

0
0
212

Қарашөкеев: Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Оның айтуынша, биыл Қазақстан қолда бар қорлар мен жаңа өнім есебінен өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы жинау алаңының 13,9% құрайды. өткен жылы осындай күнге 2,5 млн. га немесе 15,9% жиналған болатын). Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 млн. тонна астық бастырылды. Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
372

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адам сотталды

«4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді. Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден аса сомаға табыс тапқан», - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

0
0
257