Осы жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ...
Осы жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеуді көздейтін нормасы күшіне енді. 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеу мәселесі «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 397 бұйрығымен реттелген. Бұйрық ағымдағы жылдың 31 қазанында қолданысқа енгізілді. https://www.gov.kz/.../enbek/pr…
