Қарағандылықтар Ұлттық кітапханаға Сарыарқаның тарихы туралы жүзден аса кітап сыйлады
Астанада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көрмеде Қарағанды облысының Мәдениет күндері аясында жазушылар мен ғалымдармен кездесуі өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар рухани мұраны насихаттау, халықтың рухани байлығын арттыру, жас ұрпаққа рухани азық жинау сияқты салалармен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылады. Қарағандылықтар кітапханаға 100 томдық «Сарыарқа кітапханасы», А Бөкейхановтың 15 томдық шығармалары және «Қаз дауысты Қазыбек бидің» екі томдық басылымын табыс етті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев қатысты. Ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, сонымен қатар «Сарыарқа кітапханасы» антологиясына кіретін жұмыстардың авторлары қатысты. «Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асыр…
