Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 10%-ға азайды
Бір жыл ішінде 92,8 мың адамнан жұмыссыз жастардың саны 83,7 мың адамға дейін қысқарды. Бұл туралы Орталықтың баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғамның вице-министрі А. Нүкенов мәлімдеді.«2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 10% -ға азайды, яғни жұмыссыз жастардың саны 9,1 мыңға азайды. Егер 2016 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны 92,8 мың адам болса, 2017 жылдың соңына дейін 83,7 мың адам болды», - деді ол.Ол жастардың жұмыссыздық деңгейі өткен жылы 4,1% -дан 3,9% -ға дейін төмендегенін атап өтті. Әртүрлі экономикалық, саяси, қоғамдық себептерге байланысты оқымайтын, білім алмайтын жастар үлесі бір жыл ішінде 9,2% -дан 8,7% -ға дейін төмендеді.Оның айтуынша, жастар арасындағы бұзақылық саны 3,6% -ға төмендеген.Сонымен қатар вице-мин…
